Жаңа Қазақстанның жаңғыру жолы

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауынан көпшілік көп үміт күтті.

Расында, бұл Жолдау ел болашағына нық сенім ұялататын, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын өркендететін Жаңа Қазақстан құрудағы аса маңызды қадам болды деп санаймын. Жолдауда белгіленген реформалар азаматтардың сөз бостандығы мен жеке бастарының құқықтық нормаларына және ұлт мүддесін қорғайтын бастамаларға негізделген.

Білім беру сапасын арттырудағы ерекшеліктер де халық ойынан шықты. Осы тақырып аясында заманауи ұлттық мектеп, бәсекеге қабілетті медицина мамандарының, балабақша мұғалімдерінің мерейін өсіретін: олардың мүдделерін қорғау, әлеуметтік жағдайларын жақсарту, білімі мен біліктілігін арттыру сынды өзекті мәселелер қозғалды. Сондай-ақ Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50 пайызы балалардың арнайы ашылған шоттарына аударылатыны да құптарлық іс болды деп санаймын. Әсіресе бұл бұл құжат мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, әлеуметтік қордаланған мәселелер мен экономикалық ахуалды жік-жігімен таразылап берді.

Жолдау негізінде белгіленген реформалар – саяси жаңғыру бағытындағы және Жаңа Қазақстан құру жолындағы бірлігімізді нығайтатын, халықтың әл-ауқатын дамытатын алғышарттар, маңызды қадамдар деп есептеймін. Не нәрседен болса да жақсылық көріп, артықшылығын іздейтіндіктен, бұл Жолдаудың да халыққа тиімді тұстарының көп екендігін байқадым. Сондай-ақ биылғы күзде кезектен тыс өтетін Президент сайлауы да қуатты әрі жаңа Қазақстан құруды тездететініне сенімдімін.

Жүніс Әлімбеков, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Comments (0)
Add Comment