Тараз қаласындағы «Тараз ТрансМоторс» ЖШС-мен жаңа автобустар сатып алынды.
Аталған серіктестік 2012 жылдан бастап жолаушылар тасымалымен айналысып келеді. Бұған дейін серіктестік Тараз қаласы бойынша жолаушылар тасымалы қызметін жүзеге асыру үшін өз қаражаты есебінен Қытайда өндірілген 5 автобус сатып алған болатын. Біраз уақыттан кейін жұмыс істеп тұрған автобустар мен қызметтен жиналған қосымша өз қаражатына кәсіпкер қала бойынша жолау-шыларды тасымалдау үшін Қытайда шығарылған тағы 16 автобус алған.
Сондай-ақ ағымдағы жылы 10 жаңа автобус сатып алу үшін қарыз қаражаты қажет болды. Компания «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгініп, толық консультация алып, өз мақсатын жүзеге асыру үшін несие алуға Тараз қаласындағы «ForteBank» АҚ-ға өтінім берген. Кредит 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мақұлданып, қор пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдендіруді ұсынды. Бұл ретте кәсіпкер үшін сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылдық 6 пайызын құрады.
Осылайша, «Даму» қорының арқасында «ТаразТрансМоторс» ЖШС 10 жаңа автобус сатып алды. Кәсіпкер келешекте қазіргі заманғы автобустар санын одан әрі ұлғайтуды көздеп отыр. Сонымен қатар компания қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту үшін барлық жағдайды қарастырмақ.
Құрбанәлі ШАХАБАЙ