Жәрмеңкеге жұртшылық дән риза

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шаһардағы «Grand bazaar» сауда кешенінде өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.

Жәрмеңкеде жалпы құны 34,4 млн. теңгені құрайтын 56,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 9,7 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,0 тонна шұжық өнімдері, 3,3 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 0,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 32,7 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment