Екінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты сыр шертті. Әнші жүрегінің тас болып қалғанын айтып, енді тұрмысқа шығу мүмкіндігін жоққа шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әуелбекова жуырда жол апатына түсіп қалғанын айтты. Әншінің айтуынша, апаттан кейін бұрынғы күйеуі өзі сыйлаған көлікті тартып алған. Ол аздай, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен. Әуелбекова экс-жарынан көңілі қатты қалғанын айтқан еді. Бұл жолы әнші көпшілікке сырын ақтарды.
«Енді ерімейтіндей сіздің жүрек қола не тастан емес қой?» – деген Instagram оқыранының сауалына:
«Дәл қазір қола әрі тас. Сол қоланы ерітетін, тасты жібітетін жігіттің барына сенімсізбін», – деп жауап берді.
Әйткенмен әнші әлі де біреуге ғашық болу мүмкіндігін жоққа шығармады.
«Енді ессіз ғашық болмаймын демедім», – деді Мөлдір.