Жәнібектін қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық белбеуін 12 қараша күні қорғайды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі

Оның қарсыласы Британияның екі дүркін чемпионы, кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, 17 рет жеңген. Бір рет жеңілген, бір рет тең түскен. 17 жеңісінің 14-ін нокаутпен ұтқан тәжірибелі Бентли! WBO рейтингінде топ 15-те. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды. Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment