Жәнібек Әлімханұлының нокауты үздіктер қатарына кірді

Никарагуалық бокс шолушысы Леви Луна жылдың үздік нокауттары тізімін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде Жәнібек Әлімханұлы да бар. Ол британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі мамырда өтті. Әлімханұлы екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген еді. Сол кезде осы жеңісінің арқасында ол орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион белбеуіне ие болды.

Comments (0)
Add Comment