Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару

Ұлттық жобаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударуы жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару болып табылады. Жұмыс күші тапшы өңірлерге Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, ал жұмыс күші артық өңірлер Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда обылыстары болып анықталды.

Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Ұлттық жобаға қатысушылар болып табылады.
Мемлекеттік қолдау шаралары келесіні қамтиды:
Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (214 410 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт – шотына ақша аудару арқылы мынандай мөлшерде материалдық көмек беріледі:
Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
– 1 адам үшін 61 260 теңге;
отбасы мүшелерінің саны 2-4 болса 76 575 теңге;
отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 91 890 теңге.
Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
– 1 адам үшін 45 945 теңге;
отбасы мүшелерінің саны 2-4 болған кезде 55 134 теңге;
отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 64 323 мөлшерінде төленеді.
Қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй сатып алу (сатып алу) және/немесе салу арқылы жалға берілетін тұрғын үй беру.
Жаңа үйлерге қоныстандыру шарттары отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан болуы тиіс. Жаңа үйлердің ауданы 70-90 шаршы метрден бастап, тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы жалдау ақысы 6000-9000 теңгеден басталады.
5 жылдан кейін қалдық құны бойынша тұрған үйді жекешелендіруге болады.
Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.
Қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы

Comments (0)
Add Comment