Жұматай – үздік үштікте!

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жас ақындар арасында «Жыр жауһары» атты поэтикалық дуэльдің ақтық кезеңі өтті.

Онда алғашқы кезеңге қатысқан 30 ақынның ішінен іріктелген 16 жыр жүйрігі ақтық айналымда өзара мықтыны анықтады.
Жыр сайысына ҚР Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Үміт Битенова, ақын, журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев, ақын, журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Нұржан Қадірәлі, жазушы, журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі Ардақ Үсейінова, «Jambyl-Taraz» газетінің бас редакторы Саятхан Сатылғанов қазылық етті.
Байқау нәтижесінде І орынды Данияр Әлімқұл иеленсе, ІІ орынды Арайлы Жақсылық олжалады. Ал жүлделі ІІІ орынды әріптесіміз, «Jambyl-Taraz» газетінің тілшісі Жұматай Көксубай және Ғайникен Райымбекова еншіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

Еркін САЙЫН

Comments (0)
Add Comment