Жұлдыздың «Іңкәр-Ғазалы»

Өмірін өлеңмен өрген ақын, «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты Жұлдыз Бейсектің алғашқы жыр жинағы жарық көрді.

Бәтес ШАПАҒАТ

«Іңкәр-Ғазал» деген атауға ие болған кітапқа белгілі ақын Күләш Ахметова алғы сөз жазған. Нұр-Сұлтан қаласы «Қаламгер» баспасынан шыққан жыр жинақтың атауында да терең сыр бар. Оны автор былай түсіндірді:

– Хакім Абайдың жүз өлеңін жатқа айтып, тірі күнінде Абайдың туған жеріне барып, бас жүлдеге ие болған ақын, «Жан серігім – қаламым» атты кітаптың авторы, сіңілім Іңкәр Асқарқызына ескерткіш ретінде тұңғыш кітабымды «Іңкәр-Ғазал» деп атадым.
Жинақта Таразға, туған жерге арналған, махаббат лирикасы бағытындағы жырлар енген. Автордың айтуынша, алдағы уақытта Тараз төрінде кітаптың тұсаукесер рәсімін өз салтанатымен өткізу жоспарда бар.

Comments (0)
Add Comment