Кеме бортында 18 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы – Вьетнам азаматтары. Көмір тиелген жүк кемесі сәрсенбі күні кешке Жапонияның Симанэ префектурасынан 380 км жерде апат дабылын берген.
Бейсенбі күні таңертең ол жерге Оңтүстік Кореяның жағалау күзетінің күзетшісі барған. Ол жүк кемесі экипажының 17 мүшесін тапқан, олардың барлығы құтқарылды.
Жүк кемесінің өзі батып кетті. Бір адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Оны іздеумен жапон жағалау күзеті айналысуда.