Журналисттің кәсіби қызметіне кедергі келтіріп, қол жұмсады деп айыпталған Бекболат Тілеуханов Айнұр Коскинадан кешірім сұрап, айтылған артық сөздерін қайтып алғанын айтты. Нұр-Сұлтан қаласында экс депутатқа қатысты әкімшілік сот басталған болатын деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот процессі кезінде екі тарап та болған жағдайды айтып берді. Айыпталушы шенеунік өзіне тағылған кінәні мойындамады. Керісінше жәбірленушінің жала жауып, ар-ожданын таптағаны үшін сотқа жүгінетінін айтты. Куәгерлердің талқылауға қатысуына байланысты сот 24 қаңтар дүйсенбі күніне ауыстырылды. Жәбірленуші тарап болса куәларды келесі процеске қатыстырмауын өтінді.