Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлының хит әндері АҚШ-та жиі тыңдалады екен. Әнші әнді жүктеген You Tube арнасындағы статистикадан байқаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
АҚШ-та оның «The best», «Халық сарыны» атты күйтабағына енген әндері жақсы тыңдалып жатыр екен.
Әнжинаққа әншінің тек хит әндері кірген. Ол «Өкінбе сен», «Дудар-ай», «Ауылым», «Жезкиік», «Гәкку», «Махаббат елі».
«The best атты әнжинаққа 30 ән енді. Ал «Халық сарынына» ең таңдаулы деген 13 әнді топтастырдық. Күйтабақтың ішінде халықтың құлағына сіңіп қалған танымал туындылар бар», — дейді Жұбаныш Жексенұлы.
Жұбаныш АҚШ-та әндеріне сұраныс артса, жеке кешін өткізуге дайын екен.
«Шетелде әндеріме сұраныс артса және олар шақырып жатса сол елге барып концерт қоюға дайынмын. Мен мұндай ұсынысты қуана қабылдар едім», — дейді әнші.