Ернар Айдар өмірлік серігіне арнап ән шығарды. Әнші «Мәдина» атты туындысының тұсауын кесті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнші жаңа әнін YouTube-тағы ресми арнасында жариялады. Жұбайын көп көрсете бермейтін Ернар бұл жолы онымен бірге түскен суретін жариялады.
Хитменнің бұл әрекетіне тыңдармандары тәнті болды.
Айта кетейік, Ернар Айдар 2017 жылы Мәдина есімді өзінің тыңдарманына үйленді. Әншінің екі қызы өсіп келеді.