Жамбыл облысының тұрғындары Байзақ ауданында болған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандарға ескерткіш орнату керек деп есептейді. Бұл ұсыныс Facebook желісінде жарияланған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қалада өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған ескерткіш қажет. Байзақта болған оқиға өзгелерді құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тіккен олардың жұмыс деңгейін көрсетті», – деп жазды Тараз тұрғыны.
Жазба астында пікір жазып, қолдағандар да табылды.
«Қолдаймын… Нағыз батырлар», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында жарылыстың қайталанғанын хабарлаған едік.