📍 Қазақстанның ішкі жолдарында бүгін түнде жылдамдықты тексеруге арналған аппараттық жүйе іске қосылады.
«33 «ЗЕРЕК-2» бағдарламалық-аппараттық жүйесі әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен біріктірілген, яғни тәртіп бұзушыларға нұсқаулар автоматты түрде жіберілетін болады.
Бүгінде «ЗЕРЕК-2» Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Өзбекстан шекарасы, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Астана-Павлодар тас жолдарында жұмыс істеуге дайын.
Осыған ұқсас бағдарламалық кешен бұрын Көкшетау-Астана тас жолында іске қосылған болатын және бүгінгі күнге дейін жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркеуде жақсы нәтиже көрсетуде, – дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Жылдамдық шегін және көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыз. Жолда абай болыңыз!