Украина президенті Ресей агрессиясының бірінші күніне байланысты ақпараттарды келтірді. Зеленский ақпараты бойынша жау әскері үлкен шығынға ұшырауда, ал Украина тарапы сәтті қорғану үстінде. Дегенмен елдің оңтүстігінде жағдайдың күрделі екенін мойындады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.
«Украина сарбаздары Змеиный аралын қорғаған болатын. Олардың барлығы дерлік ерлікпен қаза тапты. Берілмеді, шегінбеді. Нағыз батырлар» деді Зеленский. Аралдағы шекарашылар Ресей әскерінің берілу туралы ұсынысына көнбей, барлығы дерлік қаза тапқанша атысқаны белгілі болды.
Қаза тапқан шекарашылар саны 13 адамды құрайды.