Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон шалды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты» деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.