2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зейнетақының жеткілікті шегі 60–80 пайызға көтерілетіні белгілі. Алайда «Отбасы банк» егер адамдар 31 желтоқсанға дейін зейнетақы жинағын БЖЗҚ-дан арнайы есепшотқа аударатын болса, оларға 45 жұмыс күні ішінде мәмілені рәсімдеуге мүмкіндік берілетінін растады. Бұл туралы “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, кімде-кім 7 желтоқсан күні арнайы есепшотқа ақша аударса, ол мәмілені ақпан айының ортасына дейін рәсімдей алады. Егер зейнетақы жинағы айдың аяғында, яғни 30 желтоқсан күні түссе, дедлайн наурыз айының басына сәйкес келеді. Демалыс және мереке күндері есептелмейді.
Есепшотты ашқан соң және өтініш бергеннен кейін ақша БЖЗҚ-дан 7 жұмыс күні ішінде түсуі тиіс. Іс жүзінде одан да ертерек түсуі мүмкін.
Оның уақыт межесі төмендегідей:
– Есепшот ашу және enpf-otbasy.kz-ге өтініш беру – жарты күн-бір күн, ереже бойынша – 2 жұмыс күні.
– Есепшотқа түсетін ақшаны күту мерзімі – 4 күн, ереже бойынша – 5 жұмыс күніне дейін.
Нәтижесінде 7 жұмыс күні.
«Отбасы банкінде» арнайы есепшот ашу қиындық тудырған жағдайда:
1. Қосымшада есепшот ашу тек сағат 9:00 – 21:00 аралығында ғана мүмкін екенін ескеріңіз.
2. Бейнеанықтауды сәтті жүргізу үшін маңызды:
– жарықтың жақсы түсуін қамтамасыз ету;
– таймердің дыбысы бойынша бет әлпетіңізді өзгертуге дайын болу (жымию, көз жұму, тура қарау).