Үздік мамандар марапатталды

Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні ретінде аталып өтеді. Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде салтанатты жиын өтті.

Шара барысында облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов, облыстық кәсіподақтар ұйымының төрағасы Бағлан Қарашолақов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов, «ТаразКожОбувь» ЖШС-нің еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің басшысы Зәуре Байсалбаева, облыстық кәсіподақтар ұйымының бас маманы Бауыржан Қоңырбаев сөз сөйлеп, ізге лебіздерін жолдады. Жиын соңында бірқатар еңбек адамы облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жұматай Көксубай

Comments (0)
Add Comment