Өзбектер мен қырғыздар арасында өткен ММА турнирі жаппай төбелеске ұласты

Мәскеуде WEF лигасының аралас жекпе-жек бойынша іріктеу турнирі төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Іріктеу жекпе-жектерінің бірінде жеңіске жеткеннен кейін өзбекстандық Намазан Самиев кез келген қарсыласпен күресуге дайын екенін айтты. Залдан оған қарсы шыққан адам табылған кезде ұйымдастырушылар көз арбасуды өткізуді ұсынады, Самиев күтпеген жерден қарсыласын тізесімен ұрып жіберген.

Осындай спорттық мінез-құлыққа жат қылықтан соң 50-ге жуық адам торға қарай жүгіріп, өзбек спортшысына шабуыл жасады. Содан соң жаппай төбелес басталған.  Ақыр соңында көрерменнің бірі екі тарапты татуластырған.

«Өзбектер! Қырғыздар! Біз бауырлармыз! Неге бұлай істеп жатырсыздар? Бұл спорт, мұндай жағдай болып тұрады!» – деп төбелесушілерді бірлікке шақырған.

Comments (0)
Add Comment