Әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы Ташкент облысындағы Amirsoy тау курортында түсірілген видеолар пайда болды. Видеода жарық сөнуіне байланысты демалушылар аспа жолды қалып қойған, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар тез арада жеткен.
Кейінірек курорт қызметкері РИА Новостиге тау шаңғысы курортындағы аспа жол жұмысын қайта бастағанын, электр қуатындағы ақауға байланысты ішінде қалған туристердің ешқайсысы көмекке мұқтаж емес екенін айтты.
Өзбекстанның Энергетика министрлігі 25 қаңтарда елдің бірқатар аймағында электр қуаты сөніп қалғанын растады.