Өзбекстанда сауда үйлерінің бірінде жаралыс болды

Өзбекстанның Сурхандария облысында сауда үйлерінің бірінде жарылыс болды. Өрттен 9 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай 7 желтоқсан 03:57-де болды. Денау қаласы орталығындағы сауда үйінің қабырғалары қираған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жарылыс нәтижесінде басталған өртті сөндірді», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз қызметіндегілер.

«Инденим» сауда үйіне бірінші вице-премьер Ачилбой Раматов бастаған мемлекеттік комиссия да келген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Жарылыс нәтижесінде 9 адам зардап шекті. Олар қалалық ауруханаға жеткізілді», – деп қосты министрліктегілер.

Кейін жарылыс кезінде бір адамның қаза болғаны мәлім болды. Оның мәйіті қирандылар астынан табылған. Алдын ала дерек бойынша төтенше жағдайға газ-ауа қоспасының жарылуы себеп болған.

Comments (0)
Add Comment