Өзбекстанға Түркияның Президенті Режеп Тайып Ердоғанның зайыбы Әмине Ердоған келді деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында осы елдің басшысы Шавкат Мирзиёевтің қызы – Өзбекстан Республикасы Президенті әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары Саида Мирзиёева баяндады.
Оны Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің зайыбы мен анасы Зироат Мирзиёева екеуі күтіп алып, республикада тұратын халықтардың салт-дәстүрлері, өнері мен мәдениетінен хабар беретін көрмені аралатқан.
Көрмеде қазақтың күйлері ойналып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері де көрсетілді.