Заманауи қоқыс жәшіктері қойылды

Таразда қоқыс тасымалдау техникалары мен алаңшалары, контейнерлер жаңартылуда. Бүгінгі күні қаладағы бірнеше көше бойына жаңа қоқыс жәшіктері қойылды.

Атап айтсақ, Ы.Сүлейменов көшесіндегі қоқыс алаңшаға 6, Абай даңғылы бойындағы №128,131,138 үйдің маңына жалпы саны 13 жәшік орнатылса, Әйтеке би көшесіне 4 контейнер қойылды. Сондай-ақ қоқыс таситын «Ко 427» маркалы МАЗ көліктері де халыққа қызмет көрсетуде.
Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жәшіктер заманауи үлгіге сай ыңғайлы жасалған. Мердігер мекеме «МПЗ Green Line» ЖШС кестеге сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күн сайын тазалап отырады.
Шаһарда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелердің жұмысын жүйелеу алдағы уақытта да жалғасын табады.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Comments (0)
Add Comment