«Заңсыздық, масқара тірлік»: Президент «қыз алып қашатындар» заңға сәйкес жазаланатынын ескертті

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «қыз алып қашу» мәселесі көтеріліп, бұл әрекет ұлттық дәстүрге жатпайытыны айтылды.

«Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс», деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз барысында Мемлекет басшысы ата жолын сақтау мақсатында ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтауға шақырды.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек», деп қадап айтты Президент.

egemen.kz

Comments (0)
Add Comment