Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары қала әкімінің 2024 жылғы 18 қарашадағы №64-өкіміне сәйкес жұмыс тобымен бірге заңсыз орналасқан бірнеше сауда дүңгіршегін анықтады. Нәтижесінде нысан иелеріне алып тастау туралы ескерту беріліп, жергілікті полиция қызметкерлері ескерту хаттамаларын толтырды.
Бұдан бөлек, жұмыс тобының мүшелері заңсыз дүңгіршек иелеріне 5 күн ішінде өз еркімен алу туралы хабарламалар таратты. Көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда жергілікті полиция қызметкерлері айыппұл хаттамасын толтырып, әкімдік заңсыз дүңгіршектерді алып тастау жұмыстарын жүргізеді.
Айта кетейік, аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалпы қала аумағында орналасқан дүңгіршектердің орналасу заңдылығын реттеуге арналған.
«JT-ақпарат»