Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен №2 Арнайы зағип және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатында «Зағип және компьютер» үйірмесі аясында дәріс алған көру қабілеті нашар оқырмандар арасында «Кедергісіз келешек» атты байқау өткізілді.
Әлемді тануы үшін, ақпарат алу және бөлісу үшін бүгінгі таңда ақпарат технологиясының рөлі аса жоғары. Осы технологияларды еркін меңгеруі мақсатында арнайы кітапхана 2022 жылдан бастап «Зағип және компьютер» үйірмесін жүргізген болатын.
Жүргізілген сабақтар нәтижесінде біліктілік танытқан 4 білім алушы іріктеліп, сайыс ережесіне сәйкес үш кезең мен өздерінің бағын сынады.
Бекітілген Қазылар алқасы барлық қатысушылардың жауаптарын қарап, жүлделі орындарды анықтады. Нәтижесінде І орынды Айзере Байбосын, ІІ орынды Асхат Байболов иеленсе, ІІІ орынды Мәншүк Әмірбек өз қанжығасына байлады. Ал қалған қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды.