Заңгер Айгүл Орынбек: «Қызым зорланды» деп ақша жасайтын аналар жайлы айтты

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің жеке инстаграм әлеуметтік желісінде «Зорланған қыздар» жайлы жазба қалдырды.

 «Қыздың арын ақшаға сатып алып, соңында полицейлерді кінәлайтындар көбейіп барады! Қыз зорланды десе жанымыз қалмай, көмек бергіміз келіп тұрады! Кейде біздің көмегімізді жеке бастарына пайдаланғысы келіп тұратындар көбейген! Қыздарының қорланғандарына жаны күйіп тұрған емес, қарсы тараптан ақша алып қалсам деп есептеп тұрғандарды да көрді мына екі көзім. Өз қыздарының тәнін саудаға салып, жағдайын түзеп алғысы келіп тұрған адамдарды көргенде, мынандай адамдардың сөзіп сөйлеп тұрғаныңа намыстанады екенсің! Бір емес бірнеше рет полиция қызметкерлерінің яғни тергеушілердің алдында басым төмен қараған кез болған.

Бір күні «Қызымды ұрлап әкетіп зорлады , полиция істі жауып тастап жатыр ойбай», деп жылаған анаға көмек беруге барғанмын.
Алдымнан шыққан тергеуші жас жігіт шырылдап жүр. «Айгүл ханым, менің де қарындасым бар ғой, мен де ақымақ емеспін ғой» деп. Соңында қыз ол жігітпен қыдырып, қол ұстасып Шымкент плазаға барып, бургер жеп, пәтерге өз еркімен кіріп бара жатқан видеоларын көргенде, қыздың анасының бетіне қарап «ұялмайсыз ба?» деп өзіне ұрыстым.

Мына тергеуіші балада біреудің үміт күтіп отырған баласы ғой, зорлаған жігіт пен қоса тергеуші балаға да кесіріңді тигізгенше қызыңа дұрыстап ие бол, жақсылап тәрбиеле, өзіңізді ел алдына аймандай қылып шығару керек деп ашуландым.
«Қанша бере алады берсін, сонымен арызым жоқ» дегенде «мына айналып жатқан жерді тоқтатыңдаршы, түсіп қалайын» деп айқайлағым келді. Қоғамда осындай түсінігі бар адамдармен тұрып жатқаным үшін қатты налыдым. Өмір сабақ айқайлап  жылағанның бәрі әлсіз емес, актерлер екенін де біле жүріңіздер! Ал полицейлердің ішінде өз қызметіне, өз отанына адал қызмет ететіндер бар!», – деді заңгер.

 

Comments (0)
Add Comment