Заңды білу – заман талабы

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың жолын кесу және қылмыстың алдын алу бойынша Тараз қаласы әкімдігінің, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарымен кездесулерін өткізу игі дәстүрге айналды. 2022-2023 оқу жылының 9 қарашасында батыр бабамыз Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының оқушыларымен мобильді топ мүшелері – бөлім прокуроры Алан Сейітқазин және ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова кездесу өткізді. 6-7 сынып оқушыларымен танымдық әңгімеде жасөспірімдік кезеңде тұлғаның қалыптасуы туралы сұрақтар қойылды.

«Заңды білу – заман т а лабы» тақырыбында әңгіме өрбіді. Заңның бастапқы элементтерінің қалыптасуы мен дамуы мектеп қабырғасынан басталады . Сондықтан мектеп Ережесін қатаң ұстануымыз керек. Ереже дегеніміз – мектеп ауласынан кіргеннен сабақтан қайтқанға дейінгі сенің бейнең. Қоғамдық жерде өзін қалай ұстау керек? Қазіргі оқушының мінез- құлық нормасы қандай? Мектебімізде «мектеп-оқушы-ата-ана» үштік одақ үнемі жобалар мен іс-шаралар арқылы жұмысын жалғастыруда. Ересектер әлемінен бөлінбейтін балалар үшін қандай мінез-құлық нормалары табиғи болып табылады? Оқушылармен кездесу барысында мобильді топ мүшелері осы сауалдарды көтерді. Жасөспірім әртүрлі өмірлік жағдайларға тап болады, бұл жағдайлар кейде өскелең ұрпақтың психикасына жағымсыз эмоциялар әкелуі мүмкін.

Ересектер әлеміне өту жолы кейде көптеген қиындықтарға толы. Оларды болдырмау үшін қазіргі жас ұрпақ, әрине, мінез-құлықтың негізгі ережелері мен нормаларын білуі керек.

Бұл туралы ата-аналар, мұғалімдер, сондай-ақ құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері де үнемі айтады. Солардың бірі – мобильді топ мүшелері. Елге лайықты азамат тәрбиелеу – жауапты іс. Ал жасөспірімдер тәртіп ережелерін, заң негіздерін неғұрлым тез білсе, мемлекеттің заңға бағынатын азаматын тәрбиелеудің іргетасы соғұрлым табысты қаланады.

Фарида ШОРТАНБЕКОВА, Б.Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясының директоры

Comments (0)
Add Comment