«Заң деген мен»: Алматыда ер адам ауруханада жанжал шығарды

Алматыда алкогольді ішімдік ішкен ер адам жедел жәрдем ауруханасында жанжал шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған видеода жартылай жалаңаш азаматтың боқтау сөздер айтып, полиция киіміндегі ер адамға айғайлап жатқанын көруге болады. Бұдан соң мас ер адам ауруханаға кіреді.

Оның артынан әйелдің «Бірдеңе істесеңіздерші, ол бізді өлтіреді ғой» деп айқайлағанын естуге болады.

Видеодан ер адамның бірнеше рет «ұлттық қауіпсіздік комитетінде істеймін» деп айтқанын естуге болады.

«Заң деген мен, мен ұлттық қауіпсіздік комитетінде істеймін», – деп айғайлады ол.

Полиция қызметкерлері оны тәртіпке шақырмақ болып әуреге түскені де байқалады.

Осы жағдайға қатысты қалалық полиция түсініктеме берді.

Полициядағылардың айтуынша, оқиға 27 қыркүйек күні түнгі сағат 00:30 шамасында болған.

Кадрдағы 24 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, бөгде адамдардың мүлкіне залал келтірген.

Бұл факт Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Видеода бейәдеп сөздер бар!

 

Comments (0)
Add Comment