Мемлекеттің саяси жүйесіндегі өзгерістерге ел-жұрттың бей-жай қарамайтыны түсінікті. Жасыратыны жоқ, Президент Жолдауынан кейінелдегі саяси-экономикалық жүйеде түбегейлі өзгерістер болады деп күттік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру арқылы елді дамытудың парадигмасын өзгертуді көздейтінін айтқаны – көпшіліктің күткені көп ұзамай іске асатынын көрсетті.
–Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған. Келелі жиында айтылған кесімді сөзге алты Алаштың баласы түгел тоқтаған. Біз бірліктің бастауы болған осы дала демократиясының дәстүрін жаңғыртуымыз керек», – деген Президент сөзі елдік мәселені қабылдауда үлкен жауапкершілік екенін ұқтырды.
Мемлекет басшысысаяси трансформацияда адалдық пен әділдікті қалыптастыратынын баса айтты. Заң халыққа да, билікке де ортақ екенін атап өтті. Ал мемлекет мүддесін ұмытып адал жолдан айнағандар заңмен жазаланатынын жеткізді.
Әділ қоғам құру жолында бағыт алған жолдан таймау аса маңызды. Ал бұл қадам өмірдің барлық салаларындағы жүйелі қайта құруларды жеделдетуді талап ететіні түсінікті.
Гүлнар Зияева,
Дулати университеті
«Қолданбалы биология»
кафедрасының меңгерушісі