Қазақстандықтардың 28%-ы Украинадағы қақтығысқа Ресейді жауапты санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
6 қыркүйек күні “Орталық Азия Барометрі” ұйымы Қазақстан және Қырғыстан халқының арасында сауалнама жүргізген. Сұраққа жауап берген қазақстандық респонденттердің 32-39%-ға жуығы Украинадағы қақтығысты күнделікті бақылауда ұстайтынын айтқан. Ресейдің Украинада жүргізіп жатқан соғысы Орталық Азия мемлекеттерін ыңғайсыз жағдайға қалдырды.
Қазақстан бұл сәтте кімнің жағында екені көпшілігіне қызық. Алайда, жақында Ресейде өткен жиын барысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайды “халықаралық құқықбұзушылық” деп атады.
“Орталық Азия Барометрі” ұйымының сауалнамасына жауап берген қазақстандықтардың 28%-ы бұл жағдайға түбегейлі Ресей кінәлі десе, 19%-ы Украинаның жауапкершілігіндегі мәселе деген тоқтамға келген.
Қазақстанда әлі күнге дейін “Z” таңбасы бейнеленген көліктерді немесе т.б. соғысты насихаттаушы белгілерді таратқандар қатаң жазаланатынын естеріңізге саламыз.