ҚР ДСМ вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаев: «Ел аумағында қызылшамен сырқаттанушылық биыл тұрақты. Алдыңғы жылдары қызылшаның өршуі тіркелген. Бұл 2018 жыл қараша мен 2019 жылы өте жоғары деңгейде сырқаттану тіркелген. 2020 жылы бірінші жарты жылдығында инфекция оқшауланып, бірен-саран ғана тіркелді», – деді.
Мамандар бұл инфекцияның екпесі елімізде тек ұлттық күнтізбе бойынша егілетінін айтады. Яғни қызылшаға қарсы вакцина жоспарлы түрде 1 жастағы сәби мен 6 жасар балаларға салынады. Елімізде пандемия кезінде қалыс қалғанымен қазір екпелер жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.