Қызылордада түзеу мекемесіне әкелінген донерден есірткі табылды

  Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден есірткі табылған, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Қызылордада донерден есірткі табылған. Ол ЗК-169/5 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушіге келген сәлемдеме ішінен шыққан.

Мекеме қызметкерлері сотталушыға келген заттарды тексеру барысында 3 донердің арасынан есірткі тапқан. Арнайы сот сараптамасы нәтижесінде тәркіленген зат «кептірілген марихуана» екені дәлелденген.

Әкелген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында сотталушының бұл іске қатысы анықталса, ол да құқықтық жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

«31 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни есірткі заттарын сату, сақтау, заңсыз тасымалдау бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», –  Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК 169/5 мекеме бастығының орынбасары Дархан Берікбай.

 

Comments (0)
Add Comment