Қызылордада төрт жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

Қызылордада көпқабатты үйдің үшінші қабатынан төрт жастағы бала құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

«Негізінен, мұндай жағдай бала қадағалаусыз қалған кезде болады. Осындай оқиға салдарынан былтыр 10 бала терезеден және балконнан құлап кеткен. Оның 2-еуі көз жұмды. Биыл мұндай бір жағдай тіркеліп отыр» деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Comments (0)
Add Comment