Қызылорда облысының тұрғыны экстремизмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Қызылорда облысында араздық тудыру ісі бойынша экстремизмге қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қызылорда облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс тұрғынының Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды сақтағанын анықтады. Бұл деструктивті діни ағымды ұстанушы, Қазалы ауданының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Тұрғылықты жерінде экстремистік бағыттағы кітаптар мен жазбалар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген жұма күнгі хабарда.

ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі “әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Comments (0)
Add Comment