Қызылорда облысында қайғылы жағдай: 5 адам көз жұмды

Қызылорда облысы, Самара – Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік апаты болды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазанның 3 күні Қызылорда облысының Қармақшы ауданы, Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты  ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Comments (0)
Add Comment