Қызыққа толы жайдарман ойындары

Халықаралық жастар күніне орай Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта облыстық «Жазғы кубок-2023» жайдарман ойындары өтті.

Шараның ашы-луында Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.
Ойынның ерекше атмосферасы саябақта жүрген жастарды ғана емес, қала тұрғындарын да ерекше баурап алды. Ойын барысын-да көрермендер қатарының сәт сай- ын арта түскені – соның дәлелі.
Сайысқа 7 команда қатысып, көпшілікті күлкіге қарық қылды. Жайдарман ойындарының тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған «Бауырсақтар» командасының капитаны С.Төлепберген, «Транс-Достар» командасының ойыншылары Р.Шайзадаев, Е.Алжанбаев және «Тараз-2000» жайдарман тобының ойыншысы болған О.Сүлейманов төрелік еткен сайыстың нәтижесі бойынша 1-орынды «Престиж», 2-орынды «Әдеби жігіттер», 3-орынды «Давмир» командалары еншілесе, «Ою» командасының капитаны А.Адамбаева «Көрермен көзайымы» номинациясына қол жеткізді.

Comments (0)
Add Comment