Қызғаныш себеп болған: Қостанай облысында ер адам 54 жастағы кісіні ұрып өлтірген

Қостанай облысында кісі өліміне қатысты іс тергелуде. Өңірдің ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өлімге қызғаныш себеп болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz   сайтына сілтеме беріп.

«Тобыл қаласының Набережная көшесінде ер адам қызғаныш себебінен туындаған жанжал барысында 54 жастағы ер адамды ұрған. Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды», – делінген полиция хабарламасында.

Факті бойынша ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Comments (0)
Add Comment