Қытаймен шекарада 12 мыңнан аса көлік кезекте тұр

Қытаймен шекарадағы өткізу пунктінде электронды кезекте 12 мыңнан аса көлік тұр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпаратқа қарағанда, бұл өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 1700 көлікке артық. «Бақты» өткізу пунктінде 39 көлік, ал «Нұрлы Жол» пунктінде 4 көлік тұр.

Өзбекстанмен шекарадағы «Атамекенде» 16 және «Қапланбек» өткізу пунктінде 5 көлік бар.

Comments (0)
Add Comment