Қытайлық ғалымдар Ай топырағынан жаңа минерал тапты

Қытайлық ғалымдар «Чанъэ-5» ғарыш кемесі жеткізген Ай топырағынан жаңа минерал тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Минерал бағаналы кристалл секілді. Мамандардың сөзінше, бұл спутникте бұрын вулкан атқылағанын білдіруі мүмкін екен.

«Чанъэ-5» ғарыш кемесі Айға 2020 жылдың маусымында қонған. Тапсырма 23 күнге созылған.

Comments (0)
Add Comment