Қытай мемлекеті украиндармен мәңгілік достық қарым-қатынаста болады. Аспан асты елінің билігі Украинаны экономикалық жағынан да, саяси жағынан да қолдайды. Мұндай мәлімдемені ҚХР-ның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Фан Сяньжун Львов облыстық әскери әкімшілігінде өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Қытай-украин халқы үшін достас ел. Біз әрқашан да сіздердің мемлекеттеріңізді құрметтеп, қарым-қатынасымызды теңдік пен өзара тиімділік негізінде дамытатын боламыз. Біз украиндар таңдаған жолды құрметтейміз, өйткені бұл әр халықтың егемендік құқығы», – деді ол.
Елші: «Қытай ешқашан Украинаға шабуыл жасамайды»деп сендірді.
Оның айтуынша, ҚХР Украинаны экономикалық бағытта дамытуға көмектесуге дайын.
«Біздің еліміз бір жылда дүние жүзінің түкпір-түкпірінен 3 триллион доллардан асатын тауар импорттайды. Біз сіздерді дамытуға көмектесуге дайынбыз. Қазіргі қалыптасқан жағдайда жауапкершілікпен әрекет ететін боламыз», – деп сендірді дипломат.