Джо Байден Тайваньға Қытай шабуыл жасаған жағдайда, АҚШ қорғайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Джо Байден CBS арнасындағы «60 минут» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Қытай Тайваньға басып кірген жағдайда АҚШ қорғай ма деген сұраққа Байден: «Иә, шын мәнінде бұрын-соңды болмаған шабуыл болса», – деп жауап берді.
Ол АҚШ Қытайдың саясатын қолдап, Тайваньның тәуелсіздігін қолдамайтынын ескертті.
«Біз Тайвань аралымен жақсы ынтымақтастықта болсақ та, Қытайдан тәуелсіздік алуға шақырмаймыз», – деді америкалық көшбасшы.
Мамыр айында Байденге Қытай Тайваньға басып кірсе, АҚШ әскери әрекеттерге араласа ма деп сұраған болатын.
«Иә… Бұл біз қабылдаған міндеттеме», – деп жауап берді ол.