Қысқа дайындық қарқынды

Бірер айдан кейін қылышын сүйретіп қыс та келеді. Табиғаттың бұл қатал мезгіліне әр өңір алдын ала қамданатаны белгілі. Суық күндері жылудың тұрақты берілуі, жолдардың қауіпсіздігі мен тұрғындардың көмірмен толық қамтамасыз етілуі – Тараз қаласы әкімдігінің де басты назарында.

Биыл қалада қысқа дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр. «QAZAQGAZ AIMAQ» кәсіпорнының ақпаратына сәйкес шаһар аумағында газдандырылмаған 2 006 жеке тұрғын үй бар. Осыған байланысты, биылғы жылыту маусымына қала тұрғындары үшін қажетті көмірдің көлемі 10 030 тоннаны құрап отыр. Қазіргі таңда шаһардағы көмір сатумен шұғылданатын 7 оператордың теміржол тұйықтарында 2 630 тонна көмір бар. Қара отынның орташа бағасы 21 500 бен 26 000 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бүгінгі күнге дейін темір жол тұйықтарынан тұрғындарға 4 000 тоннаға жуық көмір сатылған.
Бұдан бөлек, қысқы жауын-шашын кезінде жолдағы қауіпті азайту мақсатында бүгінге дейін 3 400 текше құм, 1 000 тонна тұз жеткізілген. Осылайша, қазір «Жасыл ел – Тараз» мекемесінде 6 000 текше құм, 1 531 тонна тұз жиналып тұр.

«JT-ақпарат».

Comments (0)
Add Comment