Бүгін Алғыс айту күніне орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев бастаған азаматтар «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Шараға облыстық, қалалық, мәслихат, ардагерлер, қоғамдық Кеңес төрағалары, зиялы қауым, қоғам белсендірлері, этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысты.
Шарада сөз алған аймақ басшысы «Осыдан алты жыл бұрын Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл күн Алғыс айту күні болып белгіленген.
Тарихтан белгілі, біздің ата-бабаларымыз соғыс, ашаршылық секілді қиын кезеңдерде елімізге қоныс аударылған көптеген ұлт өкілдерін шетке теппей, бауырына басқан. Бір үзім нанымен бөлісіп, қонақжайлық танытты. Сол достық пейіл, бірлігіміз бүгінге дейін жалғасып келеді.
Бірлік – бақ-беркенің бастауы демекші, біз көп ұлтты мемлекетіміздің ынтымағын, татулығын сақтауға тиіспіз», – деді.
Өз кезегінде этно-мәдени орталықтарының өкілдері де көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.