Қырғызстандық миллиардер қызын тұрмысқа беру үшін жігіттерге кастинг жариялады

Қырғызстандық миллиардер, депутаттыққа үміткер Шаршенбек Абдыкеримов тұңғыш қызына жар таңдау үшін кастинг жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, кастинг 19 қараша күні 12:00 Нарын облысы Ат-Башинск ауданында өтеді. Қырғызстанның ең бай отбасыларының бірімен құда болуға ниет білдіргендер аз емес. Штабтың хабарлауынша, көршілес елдерден де кастингке қатысуға өтініш бергендер бар. Кастингтің өтетін орны: Нарын облысы, Ат-Башы ауданы, Ат-Башы ауылы, М.Жунусов көшесі, 7а.

Comments (0)
Add Comment