Қырғызстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшпек

Жақын арада Қырғызстан Республикасы 12 жылдық білім жүйесіне көшеді. Бұл туралы министрлер кабинетінің төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстан Республикасы министрлері кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров балаға білім беру балабақшадан басталуы керек екенін айтты.

«Біз білім беру жүйесін 12 жылдыққа ауыстыру бойынша реформаларды бастаймыз. Балабақшалардағы тәрбиешілер, аға топ педагогтарына көңіл бөлініп, бірінші жүзеге асырылады», – деді Жапаров.

Айта кетсек, қазір Қырғызстанда балалар 11 жылдық білім беру жүйесі бойынша оқиды.

Comments (0)
Add Comment