Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов пен «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық» институтының бірінші вице-президенті Иса Самсаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы құжат аясында Дулати университетінде Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Тараз қаласындағы филиалы ашылды.
Меморандумның мақсаты – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын әзірлеу және ілгерілету. Ол ғылыми-танымдық материалдармен, басылымдармен және академиялық ақпараттармен алмасу, сарапшылардың пікірін ескере отырып, рухани-адамгершілік білім беру саласындағы зерттеулер және олардың
нәтижелерін тәжірибеге енгізу және бірлескен жобаларға қатысу мен ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытуға арналған гранттарға өтінімдерді дайындау, рухани-адамгершілік білім беру саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу.
Бүгінгі таңда «Бөбек» НПООК ұлттық білім беру жүйесінің барлық деңгейінде рухани-адамгершілік тәрбиелеудің «Өзін-өзі тану» бағдарламасын кешенді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ететін республикадағы жалғыз орталық болып табылады.Сондай-ақ меморандум аясында Дулати университетінде қазақстандық қоғамда балалар мен жастардың жан-жақты үйлесімді дамуына, табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін, өскелең ұрпақты әртүрлі типтермен таныстыратын әлеуметтік-
педагогикалық қолдау және тұлғаны дамыту бағдарламалары жүзеге асырылатын болады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізі – адамгершілік-рухани тәрбие аспектісінде гуманитарлық-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.Бұл қазірдің өзінде еліміздің педагогикалық университеттеріндегі Адамзаттың үйлесімді дамуы ұлттық институтының оныншы филиалы. Мұнда Тараз қаласының мұғалімдері біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, конференцияларға, семинарларға, байқауларға қатыса алады. Сонымен қатар мұнда оқу бағдарламасы аясында педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің қосымша біліктілігін ала алады.