Ынтымақтастық көкжиегін кеңейткен кездесу

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Тұңғыш Президент залында жоғары оқу орындары арасындағы іскерлік байланысты арттыру мақсатында Satbayev University-дің арнайы делегациясы бас қосты.

Satbayev University-дің басқарма төрағасы-ректоры Мейрам Бегентаев бастаған делегация мүшелері, басқарма мүшесі, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров, Қаратай Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ ісі жөніндегі институттың директоры Асқар Сыздықов, басқарманың аппарат басшысы Сапар Шалабаев Дулати университетінің ғылыми кеңесімен кездесті.
Басқосу барысында болашақтағы бірлескен ғылыми жұмыстар мен оқу бағдарламаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері сөз болды. Соңында университетаралық байланысты нығайту, ғылымды дамыту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.
Екіжақты келісім туралы құжатта кадрлардың біліктілігін және қайта даярлау деңгейін арттыру бағдарламаларын, қосдипломды білім беруді ұйымдастыру және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, университеттердің технологиялары мен зерттеулерінің нәтижелерін ілгерілету, оларды Жамбыл өңірінде жүзеге асыру және басқа да тәсілдер арқылы бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлау деңгейін көтеруге қолайлы жағдай жасау көзделген.

Гүлжауһар Бажақай,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«журналистика» мамандығының 4-курс студенті

Comments (0)
Add Comment