облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында біздің барлық ұлттық мерекелеріміздің жаңа түсінігін атап өту маңызды. Мұның бәрі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жаңа Қазақстан құру жөніндегі Жолдауына сәйкес, мемлекетіміздің реформалау бағдарламасына байланысты. Онда саяси реформаның 33 бағыты туралы нақты айтылған. Бұл бағыттар, әрине, елдің конституциялық қайта құрылуымен байланысты.
100-ден астам этнос өкілдері мұны білуі өте маңызды. Біз қазір Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу этностық топтардың мәдени сан алуандығын насихаттаумен ғана емес, ең алдымен Қазақстан халқының бірлігі мәні мен құндылықтарымен байланысты екенін нақты түсінуге тиіспіз. «Ұлттық бірлік» доктринасында айтылғандай, «біздің күшіміз – бірлікте, ал халықтың байлығы – оның алуан түрлілігінде» және осы сан алуан дәстүрлерінің, сұлулығының бүкіл палитрасы ең алдымен ортақтықтан тұрады. Біз діндер әртүрлі болғанына қарамастан, сыртқы келбеті бір нәрседе ұқсас болатын дәстүрлер бар екенін көреміз. Әрине, біздің халқымыз ең алдымен азаматтығымыз- ды біріктіреді. Сондықтан Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеудегі ең бастысы – жалпыазаматтық қазақстандық бірегейлікті нығайтудың маңыздылығын түсіндіру. Әлемде, мысалы, белгілі бір этностың өкілдері көп өмір сүретініне қарамастан, күрдтер, түріктер, орыстар болсын, бірақ қазақстандық орыс, қазақстандық түріктер, оның Қазақстанда тұратын этникалық топтардың өкілдерімен көбірек ұқсас- тығы бар екенін бәріміз білеміз. Біз елімізде тұратын барлық этностарды тарихи Отанымен байланысты қабылдаймыз және қолдаймыз. Дегенмен де, қазақстандықтар үшін ең бастысы – өзіміздің азаматтық жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайту. Бұл бағытта Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен жұмыс атқарды. Бұл жұмыс жергілікті жерлерде халыққа, шалғай ауылдар мен аудандарға шығу кезінде бүкіл қазақстандық әлеуметтің шоғырлануының маңыздылығы туралы түсіндірумен байланысты. Қазір ҚХА өкілдері ұжымдарда еңбек етеді, Тараз қаласының қоғамдық кеңестеріне мүшелік етеді, әртүрлі партияларда – «Amanat» партиясында да, коммунистік партияда да жұмыс істейді. Осының бәрі – біздің халқымыздың азаматтық бірлігі, мүдделерінің ортақтығы ең алдымен демократия құндылықтарынан туындағанын білдіретіндігінің дәлелі. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында әртүрлі партияларды бәсекеге қабілетті етуіміз керек екенін нақты айтқан болатын.
Енді алдағы уақытта Президент қандай да бір саяси партияда болмайды деп күтілуде. Бірақ соған қарамастан, қазір Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып табылады және бұл бәріміз үшін үлкен құрмет. Өйткені Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделі біздің еліміз үшін ғана емес, басқа елдер үшін де үлгі болып табылады. Біз барлығымыз әлемде қазір тыныш және этникалық негізде, этникалық мүдделердің бұзылуында әскери сипаттағы операцияларды жүзеге асыратын үлкен проблемалар бар екенін ұғынамыз. Біздің көршілеріміз орыстар, украиндар, түріктер, күрдтер бізден алыс емес, тіпті ұлы АҚШ-тың да нәсілдік, этникалық сипаттағы өз проблемалары бар және Қазақстан сол арқылы бірліктің күшін көрсетеді.
Мүдделер ортақтығы, барлық этникалық топтардың шынайы достығы. 2008 жылы Қазақстанның бірыңғай халқын белгілейтін заң қабылданып, Қазақстан халықтары «Қазақстан халқы Ассамблеясы» болып қайта құрылды. Бұл да ерекше біріктіруші миссияны атқарды. Біз бір халық ретінде өз қайшы ойларымызды жеткізбестен бұрын түрлі этникалық топтарға бөліспеуіміз керек. Ал көбінің жеке куәлігінде өзінің этностығын көрсетпеуге, өзін Қазақстан азаматы ретінде көрсетуге құқығы бар. Осыған байланысты мемлекеттік тіл мәртебесі өте үлкен міндетке ие. Өйткені біріктіруші негіз қазақ тілі болуы тиіс. Барлық этностық топтар қазақ тілінде сөйлеуге тиіс және бұл біздің бірлігімізді одан әрі нығайтары сөзсіз. Бірақ бұл бағытта қысым болмауы керек. Барлығы эволюциялық жолмен жүруі керек. Қазір әзірленген жақсы әдістемелік бағдарламалар жеткілікті, соны жаңартып, дамыту абзал. Біз қазірдің өзінде жас ұрпақтың қазақ тілін 95 пайызға дерлік меңгергенін көрсетіп отырмыз, ал аға буын курстардың көмегімен эволюциялық жолмен мұны жүзеге асыруда. Сонымен қатар 2025 жылға қарай біз мүлдем басқа нәтижелерге жетеміз деп ойлаймын.
Бұдан бөлек мәселе – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу туралы болып отыр. Қазір шалғай ауылдардың, аудандардың барлық учаскелерінде еліміздің ең басты құндылықтары, оның ішінде ҚР Әнұраны мен Елтаңбасын құрметтеу құндылығы бойынша түсіндіру жұмыс- тары жүргізілуде.
Бүгінде барлық демократиялық өзгерістерді өркениетті түрде қабылдауға тиіс ел дамуының кезеңі басталды. Осы демократиялық өзгерістердің ішінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы берік байланыс болуы қажет. Осыған байланысты саяси реформалар азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға, жаһандық шешімдер қабылдауға, соның ішінде негізгі заңдарға қатысуын көздейді деп айтқым келеді. Егер бұрын заңдар азаматты жиі мазаламайтын болса, қазір әлеуметтік желілерде, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтық сектор мен блогерлердің белсенділігі өте жоғары. Әсіресе жерге қатысты заңнаманы, жерге құқықты реформалау қызу талқыланады. Сайлау құқығы бойынша мәселелер де қызу талқылану үстінде. Біз азаматтардың көпшілігінің өзгерістерге қуанып жүргенін білеміз. Енді партиялар өз позицияларында теңестіріледі. Президент партиясыз, министрлер, әкімдер сияқты саяси мемлекеттік қызметшілер сияқты тең болады. Бұл партияның әрбір мүшесіне өз бағдарламаларын жүзеге асыру туралы айтуға, сайлау бағдарламасының саяси қатысу мүмкіндігіне тең қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бізді тең құқықтар мен мүмкіндіктері бар шынайы әлеуметтік мемлекет ретінде орнығудамыз. Қазақстан үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Әсіресе трайбализм және мемлекеттік басқару саласында сыбайлас жемқорлықтың болуы бөлігіндегі мәселелер шешімін табуда. Мүмкін, наразылықтың нәтижесі – көптеген митингілер. Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында болған қаңтар трагедиясы да осы проблемаларды ашты. Қазір мемлекет те, азаматтық қоғам да азаматтардың әлеуметтік құқықтары бойынша өз ұстанымдарын толығымен қайта қарады. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Достық үйінде ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша әр апта сайын азаматтарды қабылдайтын қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Егер қандай да бір мәселесі шешілмесе, әр адам осы жерге жүгіне алады. Соның ішінде қаңтар трагедиясы кезінде қақтығысқа қатысқандардың туыстары жиі хабарласуда. Бұл да өңірлік Ассамблеяның өз жұмысын ашық әрі жаңғырта бастағанының көрінісі. Біз ҚХА-дан 4 адам қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс тобының мүшесі болып табыламыз. Жұмыс тобының басқа мүшелерімен бірге «еститін мемлекет» бағдарламасын іске асыру, қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі жұмыстар бойынша осы шешімдерді қабылдаймыз. Сондықтан Ассамблея мәдени-бұқаралық бағдарламаларды ғана іске асырады деген пікірден арылуымыз керек. Қоғамдық қабылдауларда азаматтық белсенділік, сондай-ақ қайырымдылық жұмыстарын нақты жүргізіп жатырмыз. Тек ағымдағы жылдың басынан бері облыс тұрғындарына 50 миллион теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетілді. 1 мамыр мерекесіне орай үлкен қайырымдылық ұйымдастырылып, аз қамтылған 300 отбасына азық-түлік себеттері таратылды. Ең белсенділері – «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі, Тараз қаласының өзбек орталығы, «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі, «Радонеж» орыс қауымдастығы, қалған этномәдени бірлестіктер де үлкен қайырымдылық көмек көрсетпекші. Бәрі өз сәтімен, өз кезегімен. Ұлтына қарамастан, олар азық-түлік жиынтықтарын таратады. Грек этномәдени бірлестігі биыл тіпті аз қамтылған отбасынан пәтер сатып алып берді. Бұл – Ассамблея жұмысы мен ынтымақтың көрінісі.
Облыста «Калинка» және «Маричка» шығармашылық ұжымдары жұмыс істейді. Олардың жетекшісі – «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин.
Ассамблеяда шығармашылық ұжымдардың да бірлігі жарасқан. Сондықтан да, шығармашылық, өнер, мәдениет адамдары да этностар ынтымақтастығына өз үлестерін аянбай қосуда. Еліміздің туы көкте желбіреп, іргесі берік, шаңырағымызда бейбітшілік мәңгі орнасын!
Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!